Атырау, 7 мамыр 02:44
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Қазақша сөйлеу керек – Нығматулин жаңа министрге ескерту жасады

1 549 просмотра

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке ескерту жасауға мәжбүр болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәжілістің пленарлық отырысында заң жобасын талқылау кезінде депутат Жанарбек Әшімжанов министрге қазақ тілінде сұрақ қойып, сұрағына қазақша жауап естігісі келетінін қадап айтты.

Ал Брекешев мемлекеттік тілде жауап беруге кішкене қиналатынын айтып, "ойымды толық ашып, жеткізу үшін орысшам ыңғайлы" дегендей болды.

Өз кезегінде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин министрге қазақ тілінде қойылған сұраққа қазақ тілінде жауап берілуі керек екенін ескертіп, келесі жолы қазақша жауап беруге шақырды.

– Сіз бірінші рет келіп отырсыз бізге. Депутаттың қойған сұрағында үлкен, күрделі мәселе жатыр. Сондықтан ендігі келгенде өтініш бар, ол – мемлекеттік тіл. Сіз Парламентке келіп отырсыз. Қазақ тілінде қойылған сұраққа қазақ тілінде жауап беру керек. Шетелде оқыдыңыз, ағылшынша білесіз, туған елде жүргенде, министр болып білдей жұмыста жүргенде қазақ тілінде сөйлеу керек, деді Нығматулин.
30 қыркүйек 2021, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.