Атырау, 7 мамыр 04:24
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Байзақтағы жарылыстарға кім кінәлі екені қашан анықталады?

1 234 просмотра
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі

Бұл сауалдарға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Көпті толғандырып жүрген аталған сұрақтардың тууы заңдылық. Барлығымызға аян, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі мамандарынан жасақталған тергеу тобы қазіргі таңда жұмыс істеп жатыр. Қалай жұмыс бітеді, солай ресми түрде хабарланатын болады. Оқиғаның себебін, кінәліні сол кезде білеміз. Сондықтан жерлестерімнен ешқандай жалған ақпаратқа, лақап сөздерге сенбеулерін сұраймын. Ал нақты мәліметті арнайы құрылған штабтан алу керек, - деді аймақ басшысы.

Ол жарылыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен азаматқа қатысты деректермен де бөлісті.

Реті келгенде айта кетейін, Байзақ оқиғасының салдарынан бір азамат хабар-ошарсыз кеткені белгілі. Алайда, оны іздеу жұмыстары тоқтатылған жоқ, тоқтатылмайды да. Мен «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығымен әрдайым байланыстамын. Қанша маманның, техниканың, саперлердің, қызметтік иттердің жұмыс істеп жатқанын бақылаудамын. Әлі де іздеу-барлау шаралары жалғаса береді. Жоғалған азаматтың ата-анасымен де тұрақты байланыстамын, - деді Б.Сапарбаев.
29 қыркүйек 2021, 23:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.