Атырау, 6 мамыр 21:11
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Қазақстанда АҚШ-қа қарағанда адамдар өрттен 10 есе жиі қаза табады – ТЖМ

1 354 просмотра

Қазақстанда АҚШ-қа қарағанда адамдар өрттен 10 есе жиі қаза табады, деп хабарлады ҚР төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.
«Егер Қазақстан Республикасында өрттің әр 36-сында адам өлімі тіркелсе, АҚШ-та аталмыш көрсеткіш 10 есе төмен, 360 өртте бір ғана адам қайтыс болады екен, Ұлыбританияда 14 есе, Францияда 27 есе төмен», - деді Ильин сейсенбідегі үкімет отырысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, Қазақстанда 2021 жылдың басында 7515 өрт тіркелді, оларда 251 адам көз жұмған, 217-сін күйік шалған және түрлі деңгейде улану жағдайы болған.
Ильиннің айтуынша, Солтүстік Қазақстанда, Ақмолада, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында өрт саны мен қаза тапқандар саны орташа республикалық көрсеткіштен екі-үш есе жоғары. Бұл өңірлердегі жағдай барынша күрделі.

29 қыркүйек 2021, 08:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.