Атырау, 21 қазан 10:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +9
$ 425.95
€ 495.12
₽ 6.00

Үкімет неге үйлену тойы мен банкеттерге рұқсат берді

1 015 просмотра

Үкімет адам көп жиналатын салтанатты іс-шараларды өткізуге неге рұқсат бергенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз бірқатар іс-шараларды өткізуге рұқсат бердік, бірақ қатаң шарттармен. Біріншіден, жиынға келушілер Ashyq-та "Жасыл" мәртебеге ие болуы керек. Біз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біртіндеп "бұрынғы" өмірге қайта оралуымыз керек", - деді Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтегі брифингте.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда алты миллионнан астам адам вакцинацияның толық курсынан өткенін,  иммундық қабат құрылғанын айтты.

"Біз Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың жақсарып келе жатқанын көріп отырмыз. "R" коэффициенті ұзақ уақыт бойы төмен деңгейді ұстап тұр. Сонымен қатар, рұқсат беруіміздің басты себебі дағдарыс кезінде бизнесті қолдау.  Қазір барлық бизнес нысандарының жұмысы реттелген, ұйымдардың ішінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, қашықтық және басқа да караантиндік шараларға байланысты нақты талаптар бар. Бұл әдіс бизнес нысандарын іске қосуға, жеке ұжымдарды да, келушілерді де қауіпсіздендіре отырып, пандемияға қарсы жұмыс істеуге мүмкіндік берді", - деді Цой.

Вице-премьер Тоғжанов іс-шараларды өткізуге рұқсат алудың шешуші себебі кәсіпкерлікті қолдау екенін айтты.

"Бұл банкеттер мен салтанатты шараларды өткізуге рұқсат беруіміз туралы емес, бірінші кезекте шағын және орта бизнесті қолдау туралы айтылып отыр, бұл күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі.
Бірақ бұл іс-шараны қадағалаусыз, қалағанынша өткізе алады дегенді білдірмейді. Барлығы толықтай бақылауда болады. Қазақстанда коронавирустың таралуына мемлекеттен ешкім бақылауды алып тастаған жоқ ", - деді ол.

Еске салайық, Covid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен 27 қыркүйектен бастап елімізде салтанатты, естелік, отбасылық іс-шаралар, банкеттер, үйлену тойлары мен мерейтойлар өткізуге рұқсат етілген. Эпидемиологиялық жағдай бойынша аймақтың қай аймақта орналасқандығы сол ұйымдастырушыға қанша адамды шақыра алатындығына байланысты.

27 қыркүйек, 18:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.