Атырау, 24 қазан 19:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 426.32
€ 496.24
₽ 6.04

Қазақстанда дәрі-дәрмек импорты 71%-ға өсті

969 просмотра

Осы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша фармацевтикалық препараттар бір айда 0,3%-ға және бір жылда 3,3%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Азаттық рухы EnergyProm басылымына сілтеме жасап.

Дәрі-дәрмек бағасы қымбаттаған өңірлер арасында Маңғыстау көш бастап тұр (14,1%-ға өсті). Сол сияқты елордада (10,9%-ға) және Ақмола облысында (9,1%-ға) айтарлықтай қымбаттады.

Қостанай, Павлодар (әр өңірде 0,1%-ға) және Жамбыл (2,9%-ға) өңірлерінде дәрі-дәрмектер мен өзге де фармацевтикалық препараттар арзандады.

Фармацевтикалық препараттар арасында бір жылда күрт қымбаттағандар: «Хилак форте» (30 мл) (17,9%-ға, 1,6 мың теңгеге дейін), «Эссенциале форте Н» (30 капсула) (10,3%-ға, 2,9 мың теңгеге дейін), «Но-шпа» (40 мг, 100 таблетка) (10,2%-ға, 2,7 мың теңгеге дейін), «Корвалол» (25 мл) (9%-ға, 180 теңгеге дейін), «Аквалор» (125 мл) (8,4%-ға, 2 мың теңгеге дейін). Сондай-ақ, «Ренни», «Омез», «Ксимелин», «Ингавирин», амброксол және басқа да препараттар бағасы айтарлықтай өсті.

Елімізге 2021 жылдың қаңтар-шілде айларында 615,8 млн долларға 12,4 мың тонна дәрі-дәрмек жеткізілді. Өсім заттай көріністе 70,7%-ды, ақшалай көріністе 92,4%-ды құрады.

ТМД-ға кірмейтін елдерден 7,1 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 81,8%-ға артық. Мұнда ең көп көлем Қытайға (1,3 млн тонна 5,4 млн доллар сомаға), Үндістанға (1 мың тонна, 44,8 млн доллар) және Германияға (947 тонна 107,8 млн доллар сомасына) тиесілі болды.

24 қыркүйек, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.