Атырау, 24 қазан 20:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +8
$ 426.32
€ 496.24
₽ 6.04

ҚБФ Сатыбалдинованың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

975 просмотра
Аида Сатыбалдинова, кәсіпқой боксшы

Қазақстан бокс федерациясы боксшы Аида Сатыбалдинованың әйелдер құрамасындағы дәстүрлі емес жыныстық бағыт туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚБФ баспасөз хатшысы Аян Төлеген Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін спортшы бірнеше күн қатарынан жазба жариялаған.

"Аида Сатыбалдинованың Қазақстан әйелдер құрамасында дәстүрлі емес жыныстық бағыт ұстанған боксшылар бар деген мәлімдемесіне қатысты. Біріншіден, федерацияның басшылығы ауысқаннан бері бұл мәселе бойынша ешкім жүгінген жоқ. Жаттықтырушылар да, спортшылар да.
Екіншіден, биыл қиын жыл: ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаты болады. Қазақстан чемпионаттары да бар. Дәл қазір адамдар пікіріне жауап беруге уақыт жоқ. Оның үстіне ол Қазақстан құрамасында не болып жатқанын білмейді. Спортшылар мен жаттықтырушылардан шағым болған жоқ. Ол туралы не айтамыз? Біздің оған жауап беретін уақытымыз жоқ. Әрі қарай жұмыс істей береміз", - деді ҚБФ баспасөз қызметі өкілдері.

Федерация басқа спорт түрлерінде де әйелдер құрамасы бар екенін айтты.

"Олардың бәрін лесбиянка дейміз бе? Ол туралы жария салмаймыз. Айыптамаймыз. Бірақ бүкіл әлемдегі әйелдер спортын осындай деу миға сыймайды", - деді ҚБФ өкілі.

Федерацияның баспасөз қызметі жанжал мамырда Азия чемпионаты кезінде басталғанын, онда әйелдер құрамасы сегіз "алтын" алғанын айтты.

"Олардың еңбегін Қасым-Жомарт Тоқаев бағалады, енді оларды жамандап жатыр. Қыздарға мұндай пікірлер ұанмайды. Сіздерді жетістікке көбірек назар аударуға шақырамын. Ал мұндай мәлімдемелерге жауап беруге уақыт жоқ", - деді баспасөз қызметі өкілдері.
24 қыркүйек, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.