Атырау, 24 желтоқсан 13:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Павлодарда 5 жасар баладан коронавирустың нигериялық штамы табылды

1 435 рет қаралды

Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

- Павлодарда бір отбасындағы баладан сараптама алынды. Мұндай жағдайда таңдап бір адамнан сараптама алынады. 2016 жылы туған баладан КВИ-дің нигериялық «ЕТА» штаммы анықталды. Ол отбасының барлық мүшесі бұл штаммен ауырып, жазылып шыққан, - деді деді Айдар Сейітқазинов.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл жағдай тамыз айында болған. Қазір баланың жағдайы жақсы, отбасы мүшелері өздерін жақсы сезінеді.

- Ол кезде Алматыға 5 сараптама жіберілді. Оның біреуінен нигериялық штамм, үшеуінен «Дельта» штаммы анықталды, - деді Айдар Сейітқазинов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірде КВИ жұқтырған 943 адам ауруханада ем қабылдауда. Реанимациялық орындарда 82 адам жатыр. Сондай-ақ бүгінде КВИ анықталған 205 бала бар. 53 бала ауруханада емделуде.

23 қыркүйек 2021, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.