Атырау, 27 сәуір 03:20
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Тоқаев 2030 жылға қарай мұнай кен орындарының сарқылатыны және өндірістің азаятыны туралы айтты

1 982 просмотра

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте 2030 жылға қарай мұнай кен орындарының сарқылуы мен өндірістің азаю мәселелеріне тоқталды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысы мұнай-газ саласын одан әрі дамыту, соның ішінде өңірдегі жаңа кен орындарын игеру мәселесін көтерді. Осы ретте, Мемлекет басшысы жалпы құны шамамен 5 миллиард доллар болатын «Қаламқас теңіз» және «Хазар» ірі кен орындарын игеру жұмыстарын бастау жөніндегі шешімін еске салды. Президент кен орындарын игеру жұмыстарына жергілікті компаниялар мен кадрларды барынша тартудың маңызды екенін атап өтті.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай кен орындарының бірте-бірте тозуына, 2030 жылға қарай өндірілетін мұнайдың азаюына байланысты проблеманы да қозғады. Аталған мәселені шешу үшін Президент геологиялық барлау және жаңа кен орындарын іздеу бағытына белсенді түрде инвестиция тартуға шақырды. Бұл жұмыстарды атқару барысында жыл соңына дейін құрылатын Ұлттық геологиялық қызмет маңызды рөл атқаруға тиіс.

Кеңес барысында өңір экономикасын, соның ішінде шағын және орта бизнесті әртараптандыруға арнайы мән берілді. Шикізат секторындағы, оның ішінде дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар, электр кабельдері өндірісі бойынша жобаларды жүзеге асыруға мән бере отырып, Арнаулы экономикалық аймақтың әлеуетін одан әрі арттырудың өзектілігіне назар аударылды".

23 қыркүйек 2021, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.