Атырау, 25 сәуір 12:17
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Елордалық дәрігерлер алғаш рет «хрусталь балаларға» операция жасады

1 215 просмотра

Елорданың №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының хирургтары бұрын тәжірибе жүзінде болмаған, жаңа инновациялық әдіс бойынша бірегей ота жасады, деп хабарлайды 24.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараздағы балалар үйінен келген 4, 6 жастағы ұл мен қызға остеогенезі жетілмеген диагнозы қойылып, қаңқаның ұзын сүйектерінің деформацияларын жою отасы жасалды. Тиісті ота жасалмаса балалардың дамуына кері әсері тиюі мүмкін.

«Бұл диагноз ары қарай дамитын болса балалар өздігінен қозғала алмайтын болады. Бұл хирургиялық түзетуде инновациялық әдістердің бірі – fassier-duval телескопиялық интрамедуллярлық өзектер қолданылды. Негізгі артықшылығы – оны жеңіл орнату және ұзын құбырлы сүйектердің эпифиздеріне жақсы бекіту», - дейді №2 балалар ауруханасының ортопедия және оңалту бөлімінің меңгерушісі Агабек Чикинаев. 

Бұл операция Ресейдің танымал профессоры, EPOS Еуропалық балалар ортопедтері қоғамының мүшесі Константин Жердевпен бірге қазақстандық мамандарды оқыту аясында жүргізілді. 

«Мұндай ота бізде алғаш рет өтіп отыр. Қобалжығанымызбен кәсіби дайындықпен келдік. Бұл мамандарымыздың біліктілігін арттыруға және халықаралық тәжірибе жинауға ықпал етті. Алдағы уақытта қазақстандық дәрігерлер күрделі операцияларды жүргізуде осы инновациялық әдісті қолдана алады. Себебі мұндай диагнозы бар пациенттердің саны жыл сайын артып келеді», - деп бөлісті дәрігер Бақтияр Жұмабеков.

Аталған оқыту «Менторлық» жобасы аясында «BI-Жұлдызай» корпоративтік қорының қолдауымен өтті.

22 қыркүйек 2021, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.