Атырау, 25 сәуір 01:30
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстанда үйлену тойын, мерейтой мен банкет өткізуге рұқсат етілді

1 417 просмотра

Қазақстанда  отбасылық іс -шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар) өткізуге рұқсат етілді. Бұл коронавирус инфекциясының таралмауы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімінде айтылған.

"Биылғы 27 қыркүйектен бастап «Ashyq» бойынша «қауіпсіз» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етілсін" делінген ВАК шешімінде. 

Осы тізімге сәйкес, отбасылық мерекелік шараларға келесі жағдайларда рұқсат етіледі:

«жасыл» аймақта - 50%-дан аспайтын, 100 орыннан аспайтын;
«сары» аймақта - 50% дейін, 70 орыннан аспайтын;
«қызыл» аймақта - 50% дейін, 50 орыннан аспайтын.
Сонымен қатар кестеде жеңілдету  және басқа шаралардың ережелерімен таныса аласыз.

Шаралар тізімі кестеде келтірілген:

Естеріңізге салсақ, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа көшті.

22 қыркүйек 2021, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.