Атырау, 23 желтоқсан 08:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында бір тәулікте 61 адам Covid-19 жұқтырған

1 720 рет қаралды

Атырау облысында бір тәулікте 61 адам  Covid-19 жұқтырды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясымен 61 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 40 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 5 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 8 науқас анықталған, Қызылқоға ауданында  - 2 Исатай ауданында - 1, Құрманғазы ауданында - 4, Макқат ауданында - 1 адам. 

Коронавирус инфекциясы бар 38 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 23 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 44 адам емделді.

Қазір 1 370 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 108, екінші облыстық ауруханада – 142 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 18, аудандық инфекциялық стационарларда - 80. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 80 науқас емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы " сары" аймақта.

22 қыркүйек 2021, 09:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.