Атырау, 20 сәуір 15:45
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстанның 4 өңірінде ​​Eta штамм анықталды

1 396 просмотра

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталғанын мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлігі биыл шілде-тамызда коронавирус науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирус инфекциясына генетикалық зерттеу жүргізген.

"Секвенирлеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында 96 үлгіде штамдар айналымы белгіленген (Delta "үнді штамы" - 57 (59,4 пайыз), Alpha "ұлыбританиялық" - 24 (25 пайыз), "Ухань" коронавирусы - 10 (10,4 пайыз) және Еta "Нигерия" - 5 (5,2 пайыз)".  Eta "Нигерия" штамының айналымы 4 өңірде анықталған: Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1. - деп хабарлады Цой.

Eta штамның пайда болуы 2020 жылдың желтоқсанында белгілі болды, аурудың алғашқы жағдайлары Нигерия мен Ұлыбританияда анықталған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша Eta штамы әлемнің 77 елінде анықталған, ДДСҰ санаты бойынша "бақылауды" талап ететін штамдарға жатады.

"Клиникалық белгілері Alpha (ұлыбританиялық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б.) сияқты", - делінген хабарламада.

21 қыркүйек 2021, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.