Атырау, 13 қаңтар 07:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 509.84
€ 595.75
₽ 6.47

​Атырауда COVID-19 жұқтырғандар саны күрт азайды

1 703 рет қаралды

Атырауда коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 29 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 8 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 15 науқас анықталды. Құрманғазы ауданында 2 науқас анықталды, Мақат ауданында - 1 жағдай расталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 11  науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 18 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 209 адам емделді.

Қазір 1 367 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 117, екінші облыстық ауруханада – 99 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 26, аудандық инфекциялық стационарларда - 89. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 87 науқас емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "сары" аймаққа көшті.

21 қыркүйек 2021, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.