Атырау, 19 наурыз 12:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +6
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Атырауда екі күнде екі тұрғын үй өртенді

Сурет
1 852 просмотра

Соңғы екі күнде Атырауда екі тұрғын үй өртенді. Құдай сақтап, екі оқиға бойынша да адам шығыны мен жарақат алғандар болған жоқ.

Біріншісі 19 қыркүйекте күндізгі сағат төрттің шамасында болды. Алмагүл ықшамауданында жеке тұрғын үй өртенді.

- Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімдері жеткен кезде, тұрғын үйдің кіреберіс бөлмесінің және үйдің шатыры жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 16:48 оқшауланып, 16:55-те толықтай жойылды. Өрт салдарынан тұрғын үйдің кіреберіс бөлмесі мен шатыры толықтай өртеніп кетті, - деп хабарлады Атырау облысы бойынша ТЖД баспасөз қызметі. 

Екінші оқиға 20 қыркүйекте болды. Жұмыскер, 380 д мекен-жайындағы өрт туралы хабарлама 13 сағат 34 минутта түсті.

- Сағат 13:34-те call-центр орталығына тұрғын үйден түтін шыққаны туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына өрт сөндірушілер 13 сағат 43 минутта жеткен кезде, мансардты тұрғын үй ашық отпен жанып жатырғаны анықталды. Өртенген аумақ 180 м2 құрады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - деп хабарлады ТЖД.

Фархат АБИЛОВ

ТЖД жолдаған суреттер

 

21 қыркүйек 2021, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.