Атырау, 2 мамыр 02:20
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жаңа қаулы: медицина мекемелерінде фото мен видео түсіруге қайта рұқсат берілді

1 409 просмотра

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаулыға сәйкес:

  • Нысандарға Ashyq жобасын енгізу және іске асыру жалғастырылсын;
  • Өңірлердің, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын;
  • "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша) жобаға қатысушылардың арасында заңбұзушылықтардың алдын алуды жүргізуді қамтамасыз етсін;

Алматы қаласын қоспағанда, биыл 28 тамыздан бастап мыналардың жұмысына:

  • демалыс күндері – Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес ныснадары жұмысына – сағат 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшыларының жұмысына – қызметкерлер мен келушілерде "жасыл мәртебе" болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тесті, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) сағат 02.00-ге дейін;
  • сенбі күндері – қоғамдық  көліктің жұмысына рұқсат етілсін.

Алматы қаласын қоспағанда, биыл 30 тамыздан бастап Ashyq жобасына қатысатын барлық бизнес нысандары үшін жұмыс уақытын (режимін) жұмыс күндері сағат 22.00-ден 00.00-ге дейін, Ashyq жобасының "көшбасшылары" үшін сағат 00.00-ден 02.00-ге дейін ұзартсын.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақталған жағдайда Алматы қаласында карантин шараларды жеңілдету тиісінше биыл 4 және 6 қыркүйектен басталсын.

Толық мәтінін мына сілтемеден көре аласыз.


20 қыркүйек 2021, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.