Атырау, 23 ақпан 05:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Қазақстанда ресейлік зымыран сынақтан өтті

1 629 рет қаралды

Ресейдің аэроғарыш күштері Қазақстан полигонында зымыранға қарсы қорғаныстың жаңа жүйесін сынақтан сәтті өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сынақтар Сары-Шаған полигонында өтті.

Зымыранға қарсы қорғанысқа арналған жаңа зымыран өзіне жүктелген қасиеттерін растады. Жауынгерлік экипаждар берілген дәлдікпен шартты нысанаға тиіп, тапсырманы сәтті орындады, - деді Ресей Аэроғарыш күштерінің зымыранға қарсы қорғанысының қолбасшысы генерал-майор Сергей Грабчук РИА Новости агенттігіне берген сұқбатында.

2017-2021 жылдар аралығында Сары-Шаған полигонында зымыранға қарсы жаңа қорғанысты тексеру үшін он рет ұшыру сынағы жасалды.

17 қыркүйек 2021, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.