Атырау, 24 қыркүйек 23:54
 ашықВ Атырау +15
$ 425.02
€ 498.17
₽ 5.85

Алматы облысында 2800 оқушы карантинге жіберілді

890 просмотра

Алматы облысындағы мектептерде 244 оқушы мен мұғалім коронавирус жұқтырғаны анықталды. 2 800 оқушы қашықтан оқуға жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ брифингінде Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов өңірде мектеп оқушылары арасында коронавирус жұқтырудың 209 жағдайы, балабақша тәрбиеленушілері арасында 18 жағдай тіркелгенін мәлімдеді. Өңірдің 120 мектебінде 2500 оқушы, 209 сынып үй карантиніне жіберілген.

"Мұғалімдер арасында коронавирус жұқтырған 47 адам ауырып жатыр. Тағы 374 адам карантинге жіберілді. Жалпы, карантинге жатқызылған сыныптар көп емес, себебі өңірдегі барлық мектепте 22 400 сынып бар, онда 442 000 оқушы оқиды", - деді әкімнің орынбасары.

Батыржан Байжұмановтың айтуынша, өңірде мектептердегі санитарлық нормалардың сақталуын тексеретін және оқушылар мен мұғалімдер арасында ауру жағдайларын бақылайтын арнайы мониторингтік топтар жұмыс істейді.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда 89 оқушы коронавирус жұқтырғаны хабарланған болатын.

13 қыркүйек, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.