Атырау, 18 мамыр 20:25
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Оралда 38 сынып карантинге кетті

1 840 просмотра

Орал қаласында студенттер мен мектеп оқушылары арасында коронавирустың анықталуына байланысты 38 сынып пен бірнеше оқу орнының тобы карантинге кетті, деп хабарлады sputnik.kz Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Бүгінгі күні Орал  қаласы және Батыс Қазақстан облысы аудандарының бас санитар дәрігерлері қаулысымен оқушылар мен студенттер арасында коронавирустың тіркелуіне байланысты 26 мектептің 38 сыныбы және кәсіптік орта білім беру мекемелерінің үш тобы мен жоғары оқу орнының бір тобы карантинге жіберілді", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова ел бойынша 241 сыныптың карантинге жіберілгенін мәлімдеген болатын

Сонымен қатар ол карантинге кеткен оқушылардың ішінде науқаспен байланысты болған балалар үшін қашықтан оқыту ұйымдастырылатынын атап өтті. Әзірше карантинге толығымен жабылған мектептер жоқ.

11 қыркүйек 2021, 12:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.