Атырау, 18 мамыр 21:52
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Ақымақ маймылдар": Шахтинскіде балаларды қорлаған мұғалімге қатаң сөгіс жариялады

1 744 просмотра

Шахтинск қаласының білім бөлімі балаларды "ақымақ маймылдар" деп атаған №6 орта мектептің мұғаліміне қатаң сөгіс жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Басқарма мәліметінше, этикаға жат мінез-құлық жасаған мұғалім білім беру жүйесінде 20 жылдан аса, ал №6 мектепте үш жылға жуық жұмыс істеп келеді. Ол 8 "В" сынып оқушыларын қорлап, ақымақ маймылдар деп атаған.

"Ішкі тергеу мен Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша, мұғалімге қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, жағдайды шешу үшін мектеп әкімшілігі ата-ана жиналысын өткізеді", - деді Шахтинск қаласының білім бөлімі қызметкерлері.

Жиналысқа мұғалімдер мен оқушылардың ата-анасы, сонымен қатар Педагогикалық этика кеңесінің мүшелері қатысады. Мұғалім оқиғаның себептерін түсіндіреді және этикаға жат қылықтары үшін кешірім сұрайды, деп хабарлады ведомство.

"Педагогикалық этика нормаларын сақтау және Шахтинск қаласының барлық білім беру ұйымында осындай жағдайлардың алдын алу үшін педагогикалық этика ережелерін сақтау мәселесін қарау үшін тұрақты отырыстар өткізіледі", - деді департамент өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін Шахтинск қаласындағы №6 орта мектептің мұғалімі балаларды ақымақ маймыл деп атағаны хабарланған болатын. Оқушылар мұғалімнің сөзін диктофонға жазып алып, әлеуметтік желілерге таратқан.

10 қыркүйек 2021, 16:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.