Атырау, 27 қараша 03:20
 бұлттыВ Атырау +3
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

«Папа-мама сыртымыздан кілттеп кетті»

Сурет Бейнежазба
2 342 просмотра

Атыраудағы Береке ықшамауданында 3-қабаттың терезесінен бір жастағы егіз сәби құлағаннан кейін (бірі қайтыс болды, екіншісі ауруханада), Атырау облыстық ТЖД қызметкерлері ол жерде рейд жүргізді. «АЖ» тілшісі де сол жерде болған еді.

Нұрлан Ноғаев облыс әкімі болып тұрған кезде салына бастаған бұл «бюджеттік» үйлерде әлеуметтік осал отбасылар, сондай-ақ жалға алушылар тұрады. Қайғылы оқиға болған №45 үй тұрғындарының айтуынша, егіздердің ата-анасы осы жерде пәтер жалдап тұрған. Олар қайғылы оқиғадан кейін дереу көшіп кеткен.

- Жұмыс істейтін жас отбасы ғой. Балаларымыз аулада ойнап жүрген. Кенет жүгіріп келіп, біреу жоғарыдан құлап кетті деп айқайлады. Шығып, осындай жағдай болғанын көрдім. Ол кезде құлаған сәбилер тірі болды, кейін біреуі ауруханада көз жұмғанын естідім. Қиын жағдай... – дейді есімін атамауды жөн көрген көршісі.

Жағдай былай болған: анасы кешкі ауысымға жұмысқа кетіп, егіздерді әкесіне қалдырып кеткен. Әкесінің көзі ілініп кеткенде, егіздер терезе алдына шығып, құлап кеткен.

- Оқиғаны естіп, есеңгіреп қалдық. Періште бүлдіршіндер ғой. Екінші бала аман-есен жазылып шықса екен деп тілейміз, - дейді екінші көршісі.

№45 үйдің тұрғындарымен тілдесіп жүріп, ТЖД қызметкерлерін көріп, оларға қосылдым. Рейд мақсаты – кішкентай балаларға жіті бақылау керек екенін, оларды қорғалмаған терезеге жақындатуға болмайтыны туралы ересектерді сақтандыру.

Рейдке қатысушылар бесінші қабаттағы пәтердің есігін қақты.

- Үйде ешкім жоқ. Папа-мама жұмыста, бізді сыртымыздан кілттеп кетті, - деген бала дауысы естілді есіктің ар жағынан.

ТЖД бас маманы Дәурен БЕРДЕНОВТІҢ айтуынша, жыл басынан бері Атырауда 5 бала терезеден құлап, үшеуі жарақат алып, екеуі қайтыс болған.

Фархат АБИЛОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

9 қыркүйек 2021, 22:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.