Атырау, 10 қазан 07:27
 ашықВ Атырау +20
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Алаяқ әйел аңқау жандарды арзан пәтер алып беремін деп алдаған

2 100 просмотра

Атыраулық әйел алаяқтық жолмен 35 азаматтан 29 млн 300 мың теңгесін алып, қалтасына басқан.

Ол аңғал жандарды Нұрсая мөлтек ауданынан арзан бағада пәтер алып беремін деп арбауына түсірген. Жәбірленушілер Kaspi.kz қосымшасы арқылы алаяқ әйелге ақша аударған. Әрине, олардың ешқандай пәтер ала алмағаны түсінікті.  Ол өзінің қызмет құнын 300 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін бағалаған.

- Қазіргі кезде 32 жастағы күдікті азаматша С.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабына («Алаяқтық») сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды, - деп хабарлады Атырау облыстық Полиция департаменті.

Атырау облысы Полиция департаменті атыраулықтарға алаяқтардың арбауына түспеуді ескертеді. Деректердің дұрыстығына әбден көз жеткізбей, сенімсіздік білдірмеу керектігін айтады.

Айнұр САПАРОВА

9 қыркүйек 2021, 22:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.