Атырау, 19 сәуір 09:51
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Оқиғалар тізбегі

2 617 просмотра

Атырауда «Учаске» шарасы барысында 6 жезөкше ұсталды. Учаскелік полиция инспекторлары оларды Авангардтағы жалдамалы пәтерді тексеру кезінде анықтады. Олар Шымкент, Қарағанды, Қызылорда және Алматыдан келгендер. Қыздар ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 492 («Қазақстан Республикасы азаматтарының тұрғылықты жері бойынша тiркеусіз тұруы») және 449 («Сексуалдық сипатта қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу») баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал пәтер иесі пәтер жалдағаны үшін салық төледі ме, жоқ па, Атырау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы анықтайтын болады. Бірақ маңыздысы басқа нәрсе. «Жезөкшелер үшін көрінеу баспана жалдайтын кейбір жалға берушілер үшін ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша айтарлықтай әкімшілік жауапкершілік - 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылғанын түсінбейді», - деп атап өтті Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

*****

5 қыркүйекте таңертең ертемен Сәтпаев даңғылында «Lada 21715» көлігінің мас жүргізушісі газонға шығып кетіп, ағашқа соғылған. 30 жастағы тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-тармағы (Жол құрылыстары мен өзге де құрылыстарды бүлдіруге әкеп соққан жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша хаттама толтырылды. Сот шешімімен ол 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

*****

Құрманғазы ауданында «Допинг» жедел-алдын алу шарасы кезінде жергілікті полиция мен шекара қызметінің қызметкерлері Астраханьнан Атырауға марихуана алып өтпек болған РФ азаматын ұстады. Есірткі «Барон» атты қызметтік төбеттің иісшілдігінің арқасында табылған. ҚР Қылмыстық кодекстің 286-бабы («ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

9 қыркүйек 2021, 22:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.