Атырау, 18 мамыр 22:08
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жұмыс жасалды, ал қаржысы түскен жоқ

Сурет
1 617 просмотра

Индер ауданында Есбол ауылындағы зираттарды қоршау жұмыстары өткен жылы қолға алынғанымен өз мәресіне жеткен жоқ. Сол зиратта туыстары жерленген жергілікті тұрғындар жұмыстың толық бітпей қалғанына алаңдап, «АЖ» редакциясына хабарласты.

Ауылдың шет жағындағы үлкен қорымның біраз бөлігіне бетон қоршау жүргізілген. Бірақ бір жақ беті қоршаусыз қалған, кейбір плиталар құлап та жатыр.

Ауылда жалпы алаңы 20 гектар болатын екі қорым бар. Осы екі қорымды қоршау үшін тендер жарияланып, «СалемКонтракшн» ЖШС жеңіп алған. Жұмыс былтыр басталып, бастапқыда 250 мың теңге бөлінген, кейін проблемалар басталды.

- Мүмкін біз бітіріп тастар ма едік, дәл қақпаны сала алмадық, өйткені ол жерден «Атырау-Жарық» АҚ Атырау филиалы ток жүріп жатыр деп рұқсат бермеді, - дейді «СалемКонтракшн» ЖШС-нің директоры Ерболат БЕКТЕМИРОВ. – Әңгіменің төркіні басқада негізі. Екі зиратты қоршауға 69 млн теңге қаралған, біз өткен жылдың қазанына дейін 66 млн теңгенің жұмысын атқардық, яғни 98 пайызы жасалып тұр. Десек те атқарылған жұмыстың ақшасы түскен жоқ. Қазір тапсырыс беруші, яғни округ әкімдігімен ауданаралық экономикалық сотта соттасып жатырмыз.

Есбол округінің әкімі Абзал РАМАЗАНОВ:

- Мердігердің айтуы дұрыс, жұмыс аяқталуға жақын болғанымен қаржысын бере алмай отырмыз. Себебі облыстан қаржы түскен жоқ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

10 қыркүйек 2021, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.