Атырау, 2 мамыр 17:09
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырау облысында соңғы тәулікте Covid-19 жұқтырғандардың көбейгені байқалды

1 694 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 127 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 62 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 13 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 9 жағдай, Индер ауданында - 9 науқас анықталған, Қызылқоға ауданында  - 13, Құрманғазы ауданында - 7, Мақат ауданында - 5, Махамбет ауданында - 9 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 67 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 60 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 696 адам емделді.

Қазір 4 567 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 176, екінші облыстық ауруханада – 135 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 68, кардиоорталықта - 34, т/ж ауруханасында - 19 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 12, жатақханада - 67, аудандық инфекциялық стационарларда - 184. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 227 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

9 қыркүйек 2021, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.