Атырау, 2 мамыр 10:04
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Пәтер, иномарка мен ақшалай сертификаттар: Сұлтан Бейбарыс алаңында Атырау олимпиадашыларына құрмет көрсетілді

Сурет Бейнежазба
3 234 просмотра

8 қыркүйекте Атырау облысы әкімдігі алдындағы алаңда Токио-2021 Параолимпиада ойындарына қатысқан атыраулық спортшыларға ерекше құрмет көрсетілді.

Күні бұрын осы жерден үлкен сахна құрылды. Бұл Сұлтан Бейбарыс алаңында пандемияға дейін өткен түрлі мерекелерге арналған үлкен шара болатындай әсер қалдырды. Бірақ бұл жолы оны тек марапаттау рәсімі мен соңында спортшылардың көрнекі өнер көрсетуіне пайдаланған екен.


Облыс әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ үш бірдей күміс алқа иелеріне автокөліктің мемлекеттік нөмірін табыстады, сериясы олардың есімдерімен байланысты таңдалған:  Ануар САРИЕВКЕ мемлекеттік нөмірі 010 ANR Toyota Сamry 70, Теміржан ДӘУЛЕТКЕ мемлекеттік нөмірі 010 TEM Toyota Сamry 70, Зарина БАЙБАТИНАҒА мемлекеттік нөмірі 010 ZAR Toyota RAV4 автокөлігі сыйға берілді. Сонымен қатар жеңімпаздар Атырау қаласынан екі бөлмелі пәтердің кілтін иеленді. 


Сонымен қатар жүлдеге іліге алмаған спортшылар да құр қайтпады. Оларды 31 тамызда әуежайдан күтіп алған кезде, көрімдік ретінде 1 млн теңге берілсе, бүгін әрқайсына тағы миллионнан қаржылай сыйлық ұсынылды. Ал ҚР парадзюдо құрамасының бас жаттықтырушысы Жандос ҚИЯНОВҚА 4 млн теңге қаржылай сертификат берілді.

- Паралимпиададан Қазақстан бойынша алған 5 медальдің (1 алтын, 3 күміс, 1 қола) үшеуін атыраулық спортшылар еншіледі. Бұл өңір спорты үшін үлкен жетістік. Алдағы паралимпиада ойындарына параволейбол командасы да қосылады деген үміттеміз, - деді Атырау облыстық спорт басқармасының басшысы Ринат ИБРАГИМОВ.


Ануар САРИЕВ, парадзюдошы:

- Мен бұл жеңісімді ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тарту ретінде арнаймын.  Алла бұйырса осы күмісімді 2024 жылы Парижде өтетін паралимпиадада алтынға айналдыруға тырысамын.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор 

9 қыркүйек 2021, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.