Атырау, 23 желтоқсан 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Атырау облысының кәсіпкерлер палатасына жаңа директор келді

2 655 рет қаралды

Абдолла Идрисовтің орнына Нұрлан СҮЙІНБАЕВ келді. Бүгінгі тағайындауға дейін ол Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының әкімшілік бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Н.Сүйінбаев 1973 жылы туған. Оның екі жоғары білімі бар - «заңгер-менеджер» және «экономист-қаржыгер» мамандықтары бойынша. Еңбек жолын 1990 жылы Қарабұтақ аудандық дайындау мекемесінде ұйымында жұмысшы болып бастады. 2003 жылдан бастап мемлекеттік қызмет жүйесінде жұмыс істеді. Әр жылдары ол құрылыс және ТКШ департаментінде, мұнай -газ кешені және инвестициялық саясат басқармасында, Атырау облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасында басшылық қызметтерді атқарды. Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының басшысы болды. ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша аймақтық департаменттерінде жұмыс істеді. ҚР «Атамекен» ҰКП жүйесінде - 2017 жылдан бастап қызмет етеді.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

Фото «Атамекен» ҰКП сайтынан алынды

8 қыркүйек 2021, 15:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.