Атырау, 2 мамыр 18:07
 ашықВ Атырау +11
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Жол апатынан қаза болған мотоциклшінің отбасы мемлекет басшысына жүгінуге мәжбүр болған

Сурет
1 748 просмотра

Биыл маусым айында Атырауда тіркелмеген ресейлік мемлекеттік нөмірі бар «ВАЗ-1114» көлігінің мас жүргізушісі мотоцикл жүргізушісін қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Кейін мотоциклші алған жарақатынан қайтыс болды. Полиция кінәліні тапты, бірақ тергеу ісі әуел бастан марқұмның анасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінуге мәжбүр болатындай жүргізілді. Толығырақ - «АЖ» материалында.

- Отбасымыз үшін қайғылы күн есімде қалды. 27 маусымда кешкі сағат 10-дар шамасында менің Иваным мотоциклімен Көктем ықшам ауданындағы №12 көшенің бойымен жол қозғалысының бүкіл ережесін сақтап келе жатады. Осы кезде ВАЗ-2114 жеңіл көлігі күтпеген жерден қатты жылдамдықпен қарсы жолақтан шығып, бетпе-бет соқтығысады. Осылайша ұлымнан айырылдым, - дейді Иванның анасы Нелли ШАНГИНА.

Бетпе-бет соқтығысқан жол апатының нәтижесінде 24 жастағы Иван басынан ауыр жарақат алып, кейін облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ал 31 жастағы көлік жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалаған.

- Жол-көлік оқиғасынан кейін ол дереу артқы нөмірін алып тастаған. Ал соқтығысудан кейін асығыс әрі қараңғыда ұшып кеткен алдыңғы нөмірін таба алмай қалған. Егер алдыңғы нөмірін тауып  алғанда, оны ұстау да неғайбыл еді. Өйткені оның көлігі тіркелмеген, - деп әңгімеге Иванның досы Дмитрий қосылды.

Полицейлер көлік жүргізушісін келесі күні тапты. Ол бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған 31 жастағы Атырау тұрғыны болып шықты. Содан кейін өзгеше жайттар орын ала бастайды.

- Оның қанынан алкогольді анықтау үшін дереу қан алды, бірақ мені таң қалдырғаны, сараптама тек тамызда жүргізілді. Оның үстіне, көлікке сараптама жасалмады, полиция оқиға орнында тергеу шараларын жүргізбеді, ал кінәлінің өзі бастапқыда үйіне жіберілді, - дейді көзіне жас толған марқұмның анасы.

- Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші апат кезінде қатты мас болған. Баламның мотоциклімен бетпе-бет соқтығысқаннан кейін ВАЗ-2114 көлігінің тетігін басқара алмай, апат болған жерге жақын орналасқан жеке үйдің ауласына кіріп кеткен. Үйдің қожайыны у-шуға жүгіріп шығып, ауладан бөтен біреудің көлігін көріп, ішінен, үй иесінің айтуынша, мас жүргізушіні шығарып алған, - дейді Нелли Шангина. - Содан кейін белгісіз себептермен жол апатына кінәлінің қанына сараптама жасау екі рет кейінге қалдырылды. Осылайша, екі айға жуық уақыт тергеу жұмысы еш қозғалмады. Ал шын мәнінде ұлымды өлтірген адам емін-еркін бостандықта жүрді. Тергеуші маған оны тұтқындауға негіз жоқ екенін дәлелдеуге тырысты!

Иван Шангин 

Анасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейнеүндеу жазғаннан кейін жүргізуші ұсталып, тергеу изоляторына қамалған.

Атырау облысының Полиция департаменті бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-тармағы (Адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлап, сол күні кешке күдіктінің оқиға орнынан қашып кеткенін растады. 

- «ВАЗ-1114» жүргізушісіне қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы алынды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады ПД.

Фархат АБИЛОВ

Шангиндер отбасы жолдаған сурет

8 қыркүйек 2021, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.