Атырау, 2 мамыр 05:49
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Әбіш Бекешев 85 жаста!

1 128 просмотра

«Ақ Жайық» газетінің ұжымы тұрақты оқырманымыз және авторымыз Әбіш Бекешевті 85 жасқа толуымен құттықтайды!

Ұзақ жыл етене жақын араласқан Әбіш Бекешұлы біздің газетімізге бөтен адам емес. Оның басына жазылған тағдыры қиын әрі қызық. Ата-анадан ерте жетім қалып, балалар үйінде өсті. Өмірге  құштарлығы, оқуға деген ынтасы, бойына біткен сабырлығы арқасында Махамбет ауданының жетім баласы білім алып, өз ісінің нағыз маманы болды. Ол біздің қызметкерлерге ихтиология мәселелері бойынша жиі кеңес беретін, өзі «АЖ»-ға балық шаруашылығы туралы мақалалар жазып тұрды. Ол туған жерінің нағыз патриоты, мұнай-газ саласының әртүрлі жобалары бойынша қоғамдық тыңдауларға белсенді қатысып, өңірдің экологиясын қорғап, пікір қосып отырады.

«Біз - соғыс кезіндегі балалармыз, біз жабырқауды білмейміз. Өмір сүруге, оқуға, күресуге деген ұмтылыс – өле-өлгенше бізбен бірге болатын қасиет деп білемін», - дейді Әбіш Бекешұлы өзі туралы айтқанда.

Біз оған шын жүректен зор денсаулық және ұзақ өмір тілейміз!

8 қыркүйек 2021, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.