Атырау, 2 мамыр 14:34
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Вакцина алмағандарды тексеру басталады: алгоритм бекітілді

1 476 просмотра

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында вакцинациялау бойынша жүргізілетін рейдтердің алгоритмі мақұлданды, деп хабарлайды sputnik.kz.

Алгоритмді денсаулық сақтау министрлігі, мүдделі мемлекеттік органдар мен "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы әзірледі. 

Вакцина салдырмаған қызметкерлер қалай анықталады

Енді мониторингтік топ рейд барысында кәсіпорын қызметкерлерінің COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін алып-алмағанын тексереді.

Қызметкерлер саны 50 адамнан асатын және вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 60%-тен төмен кәсіпорындардың тізімі жобалық кеңсенің Вакцинация картасы негізінде жасалады.

Мониторигтік топ рейдін тіркеу тәртібі InfoKazakhstan электронды платформасында жүзеге асырылады.

Жұмыс беруші объектіге тексеріспен шыққан мониторингтік топ мүшелеріне екпе алған және вакцинадан босатылғаны туралы құжаты бар қызметкерлердің (7 күннен аспайтын ПТР-тесті, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсетілімдер немесе 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдар) толық тізімін (аты-жөні, ЖСН) ұсынады.

 іріктемелі түрде (қызметкерлер саны 50-ден 200 адамға дейін –  қызметкерлердің кемінде 10%-ы, 201-ден 500-ге дейін-кемінде 5%, 501-ден 1000-ға дейін-кемінде 3%, 1000-нан жоғары-кемінде 1%) "ASHYQ" қосымшасы арқылы қызметкерлердің мәртебесін тексереді және жұмыс беруші ұсынған қызметкерлер тізімімен салыстырып тексереді.

 "Жасылдан" басқа мәртебесі бар қызметкерлер анықталған жағдайда, оның вакцинациясыз жұмыс орнында болу құқығын беретін ақпараь (анықтама) сұратылады (мерзімі 7 күннен аспайтын ПТР-тестілеу нәтижесі, тұрақты/уақытша медициналық қарсы көрсеткіштер немесе сауыққаннан кейін 3 ай ішінде COVID-19 індетінен жазылған адамдар).

 Вакцинация тәртібінің бұзылғаны расталған жағдайда МТ нақты осы тұлғаларды көрсете отырып материалдар қалыптастырады және кейіннен шешім қабылдау үшін СЭС органдарына жібереді. Кәсіпорынға (басшыға не өзге уәкілетті тұлғаға) вакцинацияланбаған жұмыскерлерді қызмет объектісіне жіберуді шектеу қажеттілігі түсіндіріледі.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары МТ-тан келіп түскен материалдардың негізінде объектіге санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар жүргізу туралы Қаулы береді (жолдайды).

МТ Қаулыда белгіленген мерзім ішінде қызметкерлерді жұмыс орындарына негізсіз жіберу фактілерін қайта анықтаған кезде жұмыс берушіні ҚР ӘҚБтК сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады.

Жергілікті атқарушы органдар объектілерге әкімшілік шараларды қолдану нәтижелері бойынша объектінің"Ashyq" жобасына қатысуын тоқтата тұрады.

8 қыркүйек 2021, 11:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.