Атырау, 2 мамыр 11:12
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырауда бір жасар екі бала 3-қабаттың терезесінен құлап кетті

1 890 просмотра

5 тамызда қала маңындағы Береке ықшам ауданындағы көп қабатты тұрғын үйдің 3-қабатынан бір жасар екі сәби - бір отбасының егіздері құлап кетті. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл кезде балалардың анасы жұмыста болған, ал әкесі ұйықтап жатқан.

- Өкінішке орай, олардың бірі ауруханаға жеткізілгеннен кейін қайтыс болды, екіншісінің жағдайы ауыр. Пәтердегі терезелерге тор орнатылмағаны белгілі болды, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі. - Соңғы кездері балалардың терезеден құлау оқиғасы жиілеп кетті. Статистикаға сүйенсек, Атырауда осы себептен жыл сайын 5-6 бала қайтыс болады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, екінші бала «орташа ауыр» жағдайда. Ол денесіндегі көптеген сынық жарақатымен облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінде жатыр. Жағдайының жақсарып келе жатқаны байқалады.

Айнұр САПАРОВА

8 қыркүйек 2021, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.