Атырау, 4 мамыр 08:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Локдауннан Вьетнамның ең ірі қаласының тұрғындары ашығуда

1 767 рет қаралды

Коронавирустың таралуына қарсы тұру үшін енгізілген локдаун Вьетнамның ең ірі қаласының тұрғындарының ашығуына әкеп соқтырды. Бұл туралы inform.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

«Толық оқшауланудың салдары ауқатсыз қалуға мәжбүр етті. Мұнда 9 миллион адам тұрады және қала пандемия эпицентрінде болды. Елде коронавирусты жұқтырудың анықталған жағдайларының саны 520 мыңды құрайды, 13 мыңнан астам адам қайтыс болды, олардың 80% Хошиминде» делінген хабарламада.

Covid-19 ауруы диагнозы қойылған және олармен байланыста болған тұрғындарға үйлерінен шығуға тыйым салынады, барлық жерде бақылау-өткізу пункттері орнатылған, ал ауру мен өлім-жітім көрсеткіштері әлі де өсуде.

7 қыркүйек 2021, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.