Атырау, 20 сәуір 18:30
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Оқиғалар тізбегі

1 820 просмотра

2 қыркүйекте Атырауда ірі қоғамдық тамақтану орындарының бірінің 19 жасар аспазы жалпы сомасы 5 миллион теңге болатын ыдыс-аяқ ұрлағаны үшін ұсталды. ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-тармағы («Ірі мөлшерде жасалған ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

* * * * *

Атыраудың 22 жастағы тұрғыны полицияға 24 тамызға қараған түні белгісіз біреу өзінің «Лада-Приора» көлігінің есігін бұзып ашып, 500 мың теңге мен банк карталарын ұрлап кеткенін мәлімдеді. Жедел іздестіру шаралары барысында 26 жастағы БҚО тұрғыны анықталып, ұсталды. Бап бойынша тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша тергеу жүргізілуде.

 

* * * * *

«Қарасора-2021» шарасы кезінде Махамбет аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын дайындау үшін ауласында көкнәр өсірген 54 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. «Өнімнің» жалпы салмағы 473 грамм болды. Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) және 296-бабының 2-тармағы (Есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

* * * * *

25 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Атырау қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік жүргізген 18 жүргізушіні ұстады. Мысалы, 29 тамызда сағат 01.40 шамасында Абай көшесінде жүргізушісінен ішімдік иісі шыққан Toyota көлігі тоқтатылды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) бойынша хаттама толтырылды. Сот оны 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырып, 15 тәулікке қамауға алды.

Осындай заң бұзушылық 30 тамызға қараған түні қала маңындағы Бірлік ауылында анықталды: полицейлер «ВАЗ-21101» көлігін тоқтатып, жүргізушінің мас күйде екенін анықтады. Бұл медициналық сараптамамен расталды. Заң бұзушы да осындай жаза алды.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

7 қыркүйек 2021, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.