Атырау, 5 мамыр 00:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Тамыздағы құрғақшылық соңғы бес жылдағы рекордты жаңартты

998 просмотра

Тамыздағы құрғақшылық соңғы бес жылдық рекордты жаңартты. Мұндай құрғақ ауа-райы соңғы рет 2014, 2016 жылдары тіркелді. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бір ай бойына Қазақстанның басым бөлігінде қалыптан тыс аптап әрі құрғақ ауа-райы байқалды. Ауаның орташа айлық көрсеткіші тамызда республикамыздың көп бөлігінде, әсіресе батыс және оңтүстік облыстарда климаттық нормадан 1-6 градусқа жоғары болды. 2021 жылдың тамызында ауа температурасы 2008, 2010, 2012, 2014, 2016 жылдарғы сценарилерді қайталады. Жауын-шашыны аз тіркелген мұндай құрғақ ауа-райы соңғы рет 2014, 2016 жылдары байқалды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Мәселен, Аққұдық метеостанциясында (Маңғыстау облысы) 8 тамызда ауаның ең жоғары температурасы +45,7 градус деп тіркелген, бірақ 2011 жылы ол +46,5 градустан жоғары болды.
Сондай-ақ тамызда күн суыды. Ай ортасында және соңында солтүстік антициклонның есебінен еліміздің солтүстігінде, орталығында және шығысында ауа температурасы төмендеп кеткен. Ал, түндегі температура + 3 + 7 градусқа дейін түскен, күндіз + 15 + 20 градусқа дейін. Республикамыздың оңтүстік-шығысында күннің салқындауы тамыздың ортасында байқалды, ауа температурасы түнде + 3 + 10 градусқа дейін төмендеп, күндіз + 20 + 25 градусқа дейін барған. Алматы мен Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында + 13 + 18 градусқа жеткен.

Синоптиктердің айтуынша, Нұр-Сұлтанда ауа температурасының ең төменгі температурасы 30 тамызда (+17,3 градус), ең жоғары температура 7 тамызда (+33,9 градус) тіркелді.

Рекордтық көрсеткіштер жоқ, өйткені 2012, 2014 жылдары бір ай ішінде солтүстік астанада тәуліктік максимум + 36 + 38 градус болды.

7 қыркүйек 2021, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.