Атырау, 5 мамыр 00:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Балық қорғау инспекторлары теңізде браконьерлерге қолдау көрсетіп отырған

1 402 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері браконьерлерге қамқорлық жасады деген күдікпен балық шаруашылығы қызметінің екі инспекторын ұстады.

«АЖ»-ға бейресми дереккөздерден белгілі болғандай, биылғы көктемде жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ведомствосы қара балықты жасырын сатады деген күдікпен балық қорғау инспекциясының екі қызметкерін бақылауға алған. Жайық сағасындағы балық аулайтын жерлердің бірінде мемлекеттік тапсырыс бойынша шабақтар өсірумен айналысатын балық өсіру зауытына бекіре үйірін толықтыруға беру үшін бекіре тұқымдас балықтар ауланып жатқан. Торға ілесе түскен қара балық қайтадан су айдынына жіберілуі керек. Бірақ түскен балық балық қорғау инспекторларының қатысуымен шетке сатылған. Ал олар осы ереженің орындалуын қадағалауға тиіс еді.

Әрі қарай, жедел бақылау шарасы барысында екі инспектордың да теңіздегі браконьерлерге қамқорлық жасайтыны анықталды. Олардың біреуі қала маңындағы Дамба ауылында өзен жағасынан ұсталды. Ол екі балықшымен бірге теңізден оралған беті екен. «Амур» моторлы қайығынан жедел қызметкерлер 50 келідей қара балықты тапты. Ал кейінірек навигациялық аспапқа «соғылған» координаттар бойынша теңізден бос қытайлық аулау торы табылды. Екінші инспекторды үйінен алып кетті, тінту кезінде қызыл балықтың бір кесегі тәркіленді.

Жалпы, тергеу жорамалы бойынша, балық қорғау инспекторлары браконьерлерге тәртіп сақшыларының рейд жүргізетінін алдын ала ескертіп, теңізге алаңсыз шығуға жағдай жасап тұрған. Қайтарымына сыйақы алған. Инспекторлардың әрқайсысы бірнеше қайықты қамқорлығына алған.

«АЖ»-ның сауалына жауап ретінде Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті қазіргі уақытта «заңсыз балық аулау үшін Солтүстік Каспийдің ерекше қорғалатын аймағына кедергісіз өтуді қамтамасыз ету үшін пара алу және жалпы қамқорлық жасау фактісі бойынша Жайық-Каспий бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторларына қатысты қылмыстық істің тергеліп жатқанын» растады.

Лев ГУЗИКОВ 

7 қыркүйек 2021, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.