Атырау, 4 мамыр 12:05
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Отандық QazVac вакцинасы дельта штамға лайықталып жасалады

1 351 просмотра

Отандық QazVac вакцинасын жасаушылардың бірі, Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария ғалымдардың QazVac вакцинасына дельта штаммен күресуге қауқарлы болу үшін штамдық өзгерістер енгізгенін хабарлады. Бұл туралы sputnik.kz хабарлайды.

"Дельта штамға келер болсақ, онымен жұмыс үкімет тапсырмасы бойынша жаңа штамм ел аумағында пайда болғанда-ақ басталған. Клиникалық сынамаларға дейінгі зерттеулер жануарларға жасалды. Және штамдық өзгерістер жақсы нәтиже көрсетті", - деді ол.

Оның айтуынша, зерттеу нәтижелерінің қорытындысы туралы мәлімет денсаулық сақтау министрлігіне жолданды.

"Министрлік қазіргі қиын жағдайда теңдессіз қадамдар жасауда. Денсаулық сақтау ұйымымен ақылдаспай, грипптік вакциналар тәжірибесін негізге ала отырып алдағы күндері бізге штамдық құрамды өзгертуге ресми рұқсат береді. Уханьдық штамды дельта штамға алмастырамыз", - деді ол.

Сонымен қатар ол құрамы өзгерген жаңа вакцинаны институт ғалымдары өздері қабылдап, сынақтан өткізгенін атап өтті. 

"Тәуекел нәтиже берді. Тиімді вакцина жасалды. Жуық арада ол өндіріліп, қолданысқа шығады", - деп атап өтті Күнсұлу Закария.

6 қыркүйек 2021, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.