Атырау, 24 желтоқсан 07:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Jusan Bank АТФБанкті қосып алуды аяқтады

1 447 рет қаралды

Jusan Bank және АТФБанк табыстау актісіне қол қойды. АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылуы түрінде АТФБанкті қайта ұйымдастыру шеңберінде тараптар қол қойған табыстау актісі АТФБанктің Jusan Bank-ке бүкіл мүлікті, сондай-ақ құқықтары мен міндеттемелерін табыстауының заңды түрде ресімделуі болды, деп хабарлайды zakon.kz Jusan Bank баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Табыстау актісін бекіту туралы шешім 2021 жылғы 3 қыркүйекте Jusan Bank және АТФБанк акционерлерінің бірлескен жалпы жиналысында қабылданды.

Табыстау актісіне қол қою АТФБанк-тің Jusan Bank-ке қосылуы жолымен оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру процессін аяқтайды. Қайта ұйымдастыру шеңберінде жоспарланған барлық іс-шаралар қысқа мерзім ішінде тиімді түрде жүзеге асырылды. Екі банктің командалары АТФБанк клиенттерінің Jusan Bank-тің қызмет көрсетуіне ауысуы барынша жайлы болу үшін бар күшін салды, - дейді Jusan Bank Басқарма төрағасы Айбек Қайып.

Осылайша, Jusan Bank АТФБанктің серіктестер және клиенттер алдындағы барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша оның құқықтық мирасқоры болды.

АТФБанк қызметін тоқтатудың келесі қадамы – банк лицензиясын тапсыру бойынша заң процедурасы.

Jusan Bank-пен бірігу нәтижесінде АТФБанк активтер және капитал көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіреді, ал оның активтерінің шоғырландырылған көлемі 3 трлн.теңге көрсеткішке жетеді, бұл Қазақстанның банктік секторындағы нарықтық үлестің шамамен 10%-ын құрайтын болады.

6 қыркүйек 2021, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.