Атырау, 5 мамыр 00:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Жыл басынан бері коронавируспен ауыратын 2 мыңнан астам бала анықталды, 12 жастағы бала - жансақтау бөлімінде

1 961 просмотра

Жыл басынан бері Атырау облысында Covid-19 диагнозы расталған 2283 бала тіркелді. Бұл туралы онлайн-брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар САДУОВА мәлімдеді.

Стационарларда 141 бала емделді, бұл жалпы санның 6% құрайды. Оның ішінде үшеуі жансақтау бөлімінде емделген. 3 қыркүйектегі ахуал бойынша 10 бала стационарлық ем алуда, оның 1-еуі ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл 2009 жылы туған Геолог ауылының тұрғыны. Баланың ілеспе аурулары бар. Ол 31 тамыздан бастап жансақтау бөлімінде жатыр, қарқынды терапиядан өтуде және зонд арқылы тамақтандырылуда. Бүгінде 389 бала амбулаториялық бақылауда, бәрінде ауру симптомсыз немесе жеңіл түрмен өтуде.

Ж.Садуованың айтуынша, жаңа оқу жылына дайындық кезінде медицина қызметкерлері мектептерді аралап, аурудың дабыл қағатын белгілерін біліп, ата-аналарға жеткілікті түсіндіру үшін білім беру ұйымдарының мамандарына семинар өткізген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 қыркүйек 2021, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.