Атырау, 4 мамыр 12:30
 ашықВ Атырау +15
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

«Алдымен газ қызметкерлерінің ақшамызды қалай пайдаланғанын тексерейік»

1 387 просмотра

Қазір Атырау облысы Табиғи монополияларды реттеу департаментінде тауарлық газды тасымалдау тарифін 2,2 есе көтеру туралы өтініш қаралуда. Осыған байланысты «Атырау облысындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау және бәсекелестікті дамыту» қоғамдық бірлестігі Энергетика министрлігіне «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау филиалының алдыңғы 5 жылдық инвестициялық бағдарламасы бойынша сұраным жолдады.

- Бұрын қолданыста болған тарифтің мерзімі 31 тамызда аяқталды. Алдымен бұрын бекітілген инвестициялық бағдарламаның және 5 жылға арналған тарифтік сметаның (2016 жылдың 1 қыркүйегінен 2021 жылдың 31 тамызына дейін) орындалуын талдау қажет. Бұларды енгізу үшін 2016 жылы тарифтер көтерілген еді. Тек осы процедурадан кейін ғана қазіргі өтінімді қарауға кіріседі, - деп есептейді жергілікті монополияға қарсы ведомствоны ұзақ жыл басқарған тәжірибелі маман, қоғамдық бірлестіктің басшысы Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА. 

Тарифтің көтерілуі Атырау облысындағы тұтынушылардың барлық тобы үшін, негізінен газбен жылытылатын аудандардағы жылу энергиясы үшін бөлшек газ бағасын өсіруге әкеліп соғады. Бұған Энергетика министрлігі мақұлдайтын және облыстық табиғи монополияларды реттеу департаменті бекітетін инвестициялық бағдарламаның тариф жобасына енгізілуі негізгі себеп болып отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 қыркүйек 2021, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.