Атырау, 4 мамыр 16:59
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Атырау облысында бір тәулікте 120 адам Covid-19 жұқтырған

1 399 просмотра

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 120 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 80 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 15 науқас анықталды. 

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында - 1 жағдай, Индер ауданында - 1 науқас анықталған, Исатай ауданында - 2, Қызылқоға ауданында  - 9, Құрманғазы ауданында - 10, Мақат ауданында - 1, Махамбет ауданында - 1 адам. 

Коронавирустық инфекциясы бар 62 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 58 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 601 адам емделді.

Қазір 6 083 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 175, екінші облыстық ауруханада – 140 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 65, кардиоорталықта - 56, т/ж ауруханасында - 39 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 12, жатақханада - 74, 
аудандық инфекциялық стационарларда - 214. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 214 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

6 қыркүйек 2021, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.