Атырау, 11 наурыз 09:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.59
€ 572.16
₽ 6.24

Атырау полициясы хабар-ошарсыз кеткен 9 жасөспірімді тапты

1 711 рет қаралды

Атырау полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 9 жасөспірімді үйлеріне қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына өздерінің тұрғын-жайларынан белгісіз бағытқа шығып, хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімдер туралы тоғыз хабарлама түскен.

– Аталған оқиғалар бойынша барлық жасөспірімдерді полиция қызметкерлері 2-3 сағат ішінде тауып, ата-анасына табыстады, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.

Кішкентай балалардың да жоғалып кеткен жағдайлары орын алды. Мысалы, 1 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында “102” операторына 33 жастағы азаматша қоңырау шалып, “Жилгородок” аялдамасы жанында өзінің 7 жастағы қызы ойнап, белгісіз бағытқа кетіп қалғанын айтып хабарлаған. Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері дереу іздестіру жұмыстарына кірісіп, қызды тауып, аман-есен ата-анасына табыстады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

 

6 қыркүйек 2021, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.