Атырау, 10 қазан 09:17
 ашықВ Атырау +20
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

42 бірінші сынып оқушысы КҚК-дан рюкзактар мен кеңсе тауарларын сыйға қабылдады

Сурет
2 281 просмотра

Жаңа оқу жылының қарсаңында Махамбет ауданы Ақтоғай ауылының, Индер ауданы Құрылыс ауылының және Құрманғазы ауданы Жасталап ауылының 42 бірінші сынып оқушысы мектеп рюкзактары мен оқуға қажетті керек-жарақтарды сыйлық ретінде алды.  

Бірінші сынып оқушыларын құттықтап, оларға сыйлық беру КҚК ұстанып келе жатқан игі дәстүрлердің бірі, сондықтан жыл сайын Консорциум жас ұрпақ өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын ерекше атап өтуге жұмыстанады. «КҚК – бірінші сынып оқушыларына» қайырымдылық акциясы Консорциум қызмет жүргізетін аймақтарда біраз жыл бойы нәтижелі іске асырылып келеді.

Мектепке арналған портфелдер сапалы материалдан жасалған, ортопедиялық арқалығы бар, баулары ауа өткізетін тор матадан тігілген, ішінде кітаптар мен дәптерлерді мұқият сақтауға арналған бөлгіштер мен ысырма жапқыштары бар. Ыңғайлы да эргономикалы ранецтерде барлық қажетті оқу және кеңселік керек-жарақтар қамтылған.

Баласы бірінші сыныпқа барған ата-аналардың бірі Тамара Тәженова баласының алған сыйлығына қуанғанын жасырмайды.

«Менің ұлым биыл бірінші сыныпқа барды, біздің отбасымыз үшін бұл үлкен қуаныш. Оқу жылының алдында осындай сыйлық алғанымыз әрине өте жақсы болды, бұл үлкен көмек, көрсетілген қамқорлық.  Оның үстіне балаларымыздың жаңа, кең, заманауи мектепте оқитыны да бізді өте қуантады, бұл мектеп КҚК мекемесінің қолдауымен салынғанын білеміз», - дейді Индер ауданы Құрылыс ауылындағы М.Мөңкеұлы атындағы орта мектепке 1 сыныпқа барған оқушының анасы Тамара Тәженова.

Айта кетейік, КҚК Атырау облысының білім беру саласының инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөледі. Аталған аудандардағы үш мектеп Консорциумның демеушілік қаржысына салынған. 

«КҚК қолдауының арқасында облысымызда әлеуметтік объектілер салынуда. Оның үстіне жыл сайын 1 қыркүйектің қарсаңында КҚК жүздеген отбасыларға балаларын мектепке дайындауға көмектеседі. Балалар ыңғайлы, сыйымды мектеп ранецтерін, барлық керек-жарақтарымен бірге сыйлық ретінде алып жүр. Өз атымнан, барлық мұғалімдер мен ата-аналардың атынан, барлық бірінші сынып оқушыларының атынан Консорциум басшылығына осындай қолдау мен көмек көрсеткені үшін шынайы алғыс білдіремін», - дейді Махамбет ауданы Ақтоғай орта мектебінің директоры Жоламан Ізғали.

Көрсетілген қолдауына жауап ретінде Уәлиханов атындағы орта мектептің, М.Мөңкеұлы атындағы орта мектептің және Ақтоғай орта мектебінің бірінші сынып оқушыларының ата-аналары КҚК басшылығына алғыстарын жолдады.  

3 қыркүйек 2021, 17:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.