Атырау, 24 желтоқсан 05:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Елордада мектептен өрт шығып, оқушылар эвакуацияланды

1 909 рет қаралды

Нұр-Сұлтанда мектептегі өртке байланысты оқушылар эвакуацияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін сағат 09.10-да "102" шұғыл байланыс желісіне Иманбаев көшесіндегі No54 орта мектепте өрт болғаны туралы қоңырау келіп түсті, деп хабарлады қалалық ПД.

Полиция мектеп оқушылары мен мұғалімдерін қауіпсіз жерге эвакуациялап, жақын маңдағы көшелерді қоршауға алды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнында арнайы техника тартылды, өрттің аумағы 8 шаршы метрді құрады. Өрт толығымен сөндірілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің шығуына себеп - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, - деп хабарлады полициядағылар.
3 қыркүйек 2021, 11:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.