Атырау, 23 желтоқсан 06:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

«Атырау жылу беру маусымына 80 пайыз дайын»

2 002 рет қаралды

Бұл жөнінде «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ «АЖ» сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір қалада жоспарланған 15,6 шақырым жылу желілерінің 13 шақырымы ауыстырылған. Жұмыстар 15 қыркүйекке дейін аяқталады деп күтілуде. Одан бөлек 20,1 шақырым жылу желіcі құбырларын оқшаулау жұмыстары жасалып жатыр.

- Қазір қанша көпқабатты үй жылу қабылдауға дайын?

- Атырау қаласында орталықтандырылған жылумен жабдықтауға 1018 тұрғын үй қосылған, олардың ішінде 900 тұрғын үй гидравликалық қысыммен тексеруден (опрессовкадан) өтті. Одан бөлек қалалық білім бөлімінің 51 нысанының 46-сы, облыстық білім бөліміне қарасты 26 нысанының 21-і, денсаулық сақтау нысандары бойынша: 20 нысанның 13-і сынақтан өтті. «Атырау жылу жүйелері» АҚ 1 қазанға барлық әлеуметтік сала объектілері мен тұрғын үйлерге жылу беруге толық дайын болады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

3 қыркүйек 2021, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.