Атырау, 25 қараша 02:18
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ-тың екі штатында дауылдан 15 адам көз жұмды

1 842 просмотра

АҚШ-тың Луизиана мен Миссисипиде штаттарына «Ида» тропикалық дауылынан 15 адам адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Сонымен тропикалық дауыл салдарынан Нью-Йорк пен Нью-Джерси штаттары да қатты зардап шеккен. 

АҚШ президенті Джо Байден ұлтқа арнаған сөзінде бұл штаттарда дауыл салдарыннан 11 адам және Луизиана мен Миссисипиде алты адамның қаза тапқаны туралы мәлімдеді. 

ВВС таратқан ақпаратқа қарағанда, Нью-Йоркте адамдар өз үйлерінің су басқан жертөлелерінде қаза тапқан, бір адамның денесі аударылған көліктің астынан шығарылды. Нью-Джерсиде бір адам көліктің ішінде отырып суға батты, тағы біреуінің үйінің үстіне ағаш құлаған.


3 қыркүйек 2021, 09:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.