Атырау, 11 қыркүйек 20:33
 дождьВ Атырау +21.1
$ 450.79
€ 524.13
₽ 5.31

​Канада премьер-министрі Қазақстанның сыртқы істер министрімен Ауғанстандағы жағдайды талқылады

2 007 рет қаралды

Канадалық премьер-министр Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне қоңырау шалып, Ауғанстандағы жағдайды талқылады, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметінен.

«Канада тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Канаданың Сыртқы істер министрі Марк Гарномен телефон арқылы келіссөздер жүргізді. Тараптар Ауғанстандағы қазіргі ахуалды, атап айтқанда жаңа билікпен өзара іс-қимыл жолдарын және осы елдегі гуманитарлық дағдарысты еңсеру жөніндегі бірлескен күш-жігерді талқылады», - делінген хабарда.

Екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

3 қыркүйек 2021, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.