Атырау, 11 наурыз 10:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.59
€ 572.16
₽ 6.24

Атырау облысында газдың бөлшек бағасы арзандады

2 263 рет қаралды

1 қыркүйекте «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның тауарлық газды бөлшек бағада сату қызметінің жаңа тарифтері қолданысқа енгізілді.

Естеріңізге салсақ, шілдеде Атырау облысы бойынша ТМРКД "ҚазТрансГазАймақтың" тарату құбырлары арқылы газ тасымалдау қызметінің тарифін ҚҚС-сыз мың текше метрі үшін 1769,42-ден 1449,4 теңгеге дейін төмендеткен болатын.

Төмендеу 18,2% құрады. Ал тариф 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізіледі. Осыған байланысты тамыз айының соңында «ҚазТрансГазАймақ» ТМРК-не тауарлық газды бөлшек саудада сату бойынша реттелетін қызметтердің шекті бағасының төмендегені туралы хабарламамен жүгінді.

Енді тұрмыстық тұтынушыларға, яғни, тұрғындарға тариф 7729,85 теңге/мың м3құрайды. Жылу энергетикалық компаниялар үшін - 18803,32 теңге/мың м3. Бюджеттік ұйымдар үшін - 21 852,08 теңге/мың м3. Осы санаттардың барлығы үшін баға 2,93%-ға төмендеді. Тұтынушыларға әрі қарай сату мақсатында сығылған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газ сатып алатын заңды тұлғалар мың текше метрі үшін 12774,24 теңге төлейді.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 қыркүйек 2021, 22:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.