Атырау, 23 желтоқсан 09:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Атырау облысында бір тәулікте 198 адам Covid-19 жұқтырған

1 671 рет қаралды

Қауіпті инфекцияның таралу ошағы Атырау қаласы болып отыр деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясымен 198 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 107 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 18 науқас анықталды. 

Инфекция аудандарда да таралуда. Жылыой ауданында - 25 жағдай, Индер ауданында - 11 науқас анықталған, Исатай ауданында - 13, Қызылқоға ауданында- 14, Құрманғазы ауданында - 1, Мақат ауданында - 3, Махамбет ауданында - 8 адам қауіпті індетті жұқтырған. 

Коронавирус инфекциясы бар 110 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 88 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 636 адам емделді.

Қазір 7 350 адам үй жағдайында, модульді ауруханада - 166, екінші облыстық ауруханада – 148 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта - 51, кардиоорталықта - 77, т/ж ауруханасында - 83 адам ем алуда, облыстық ауруханада - 36, жатақханада - 72, аудандық инфекциялық стационарларда - 255, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 355 науқас емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта.

2 қыркүйек 2021, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.