Атырау, 3 мамыр 04:04
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

«"Зина деген таныс врач" - бұл фейк, мектеп – түзету колониясы емес»

2 693 просмотра

«Бізде «Зина» есімді дәрігер жұмыс істемейді және бұл туралы әлеуметтік желідегі бүкіл ақпарат жаңсақ», - деп жұқпалы аурулар ауруханасының баспасөз қызметі WhatsApp-қа жіберілген аудио хабарламаға түсініктеме берді.

Ол жерде Мәдина есімді әйел Зина деген таныс дәрігердің мектеп оқушыларын алдағы 2 айда сабаққа жібермеуге кеңес бергенін, себебі балалар арасында ауру өршиді дегенін айтады. Облыстық балалар ауруханасын «жұқпалы аурулар ауруханасының» құзырына береді, екі стационар да жабдықтар мен дәрі-дәрмек қорын жинап, науқас балалар түседі деп қарқынды дайындалуда-мыс екен.

- Біз әдеттегідей маусымда ауру жұқтырғандар көбеюі мүмкін деген ықтималдықпен әзірленеміз. Бірақ балалар көп түседі деген қарқынды дайындық жоқ, - дейді денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Жанар САДУОВА. Ол тағы да түрлі қауесетке сенбеуге кеңес берді: мектептерде балалардың мұрнына спрей түрінде коронавирусқа қарсы вакцинаны ешкім мәжбүрлеп салмайды, облыстық балалар ауруханасын жұқпалы аурулар ауруханасына айналдырмайды. Пандемия басталғалы балалар Covid-19-бен симптомсыз немесе жеңіл ауырған. Мектептерде айып изоляторына арналған кабинеттер де, ерекше мақсаттағы мобиильді жасақ қызметкерлері де болмайды. Мектеп - балаларға білім беретін мекеме. Балаларға қатысты басқа мақсат жоқ, - деп сөзін түйіндеді Ж.Садуова.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 қыркүйек 2021, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.