Атырау, 20 сәуір 20:40
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қазақстанда Pfizer вакцинасы уақытша тіркелді

1 824 просмотра

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі елде уақытша тіркелген вакциналар тізіміне Pfizer-BioNTech Comirnaty ("Комирнати") вакцинасын қосты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті "Комирнати" вакцинасына 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін берді.

"Уақытша тіркеу куәлігі Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК отырысының хаттамасы және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының 2021 жылғы 20 тамыздағы қорытындысы негізінде берілді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда тіркелген коронавирусқа қарсы вакциналардың толық тізімін мына жерден көре аласыз.

Денсаулық сақтау министрлігі ата-анасының келісімі бойынша 12 жастан асқан балаларға екпе егу жоспарланғанын айтты. Бұл ретте департамент мәліметінше, вакцинация әлі басталмаған. Нақты уақыты кейінірек хабарланады.

Вакцинаның бірінші дозасын салдырғаннан кейін 3 аптадан соң екінші дозасын алу ұсынылады.

Вакцинаға қарсы көрсетілімдер:

Белсенді затқа немесе препараттың кез келген басқа компонентіне аллергияның болуы;

ауыр науқас немесе жоғары температура инфекциясы;

қан ұюы, көгерудің пайда болуы немесе қан ұюдың алдын алуға қарсы дәрі-дәрмектердің қолданылуы;

АИТВ инфекциясы сияқты ауруға немесе иммундық жүйеге әсер ететін кортикостероид сияқты дәрі-дәрмектерге байланысты иммундық жүйенің әлсіреуі.

Айта кетейік, 2021 жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, Қазақстанда бірінші компонентті 6 669 969 адам, екінші компонентті 5 438 316 адам салғызған.

1 қыркүйек 2021, 17:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.