Атырау, 3 мамыр 04:03
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Құрманғазылықтар жемшөппен көмектесті

1 616 просмотра

Құрманғазы ауданы Мақат пен Жылыой аудандарына тегін мал азығын жөнелтуге қазірден бастап кірісіп кетті, - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

– Әрқайсысында 50 орама шөп бар барлығы бес вагон Мақатқа жеткізілді. Бұл жергілікті шаруагерлер үшін едәуір зор көмек. Өйткені, ауданның көптеген аумағы шөлді және сорлы болғасын жем-шөп дайындауға көп мүмкіндік жоқ. Тегін жеткізіп берген теміржолшыларға да алғыс білдіреміз, - дейді Мақат ауданының әкімі Шәкір КЕЙКИН.

Мақат аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит ХАЛЕНОВТІҢ айтуынша, тиелген шөпті түсіріп, үйлерге таратуға аудан кәсіпкерлері жәрдемдесіп жатыр. Түсірілген шөп алдымен жағдайы жоқ отбасыларға таратылады.

Жылыой ауданында да құрманғазылықтардың игі бастамасына ризашылық білдіріп отыр. Солардың бірі Орақ АРАЛБАЕВ былай дейді:

- Біздің жағдайымыз қолайлы болмаса да, ата кәсіптен бас тартуға болмайды. Бұл қазір бізге үлкен қолдау болды, рахмет!

Құрманғазыдан – Мақатқа 55 тонна, Жылыойға 80 тонна және Маңғыстауға 90 тонна, барлығы 225 тонна жемшөп жіберілуде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Әлеуметтік желіден алынған сурет

2 қыркүйек 2021, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.